Іле маркет плейст интернет дүкені "Міндетіміз - Клиент күткеннен де жоғары сапалы қызмет көрсету! Компания 2023 жылы Алматы қаласында құрылды. Өзінің белсенді дамуын жалғастырып келе жатқан компания жаңа әрі озық дүниенің бәріне ашық.

ILEMARKETPLACE интернет  дүкені ең жаңа сауда технологияларын ескере отырып жобаланған және сатып алушыларға сапалы қызмет көрсетеді. ILEMARKETPLACE  сауда қоржынында 100-ден астам жетекші әлемдік бренд ұсынылған. Компанияның сауда дүкені Қазақстанның барлық аумағына жеткізу қызыметін қамтиды.

Тапсырым қалай жасалады

Бірінші қадам

Алдымен тауар жеткізілетін қаланы таңдау қажет (Тауар ассортименті мен сатып алу шарттары өзшеленуі мүмкін).

Екінші қадам. Тауар таңдау

«Технодом» сайтында тауар іздеу мен таңдаудың бірнеше тәсілі бар. Егер сіз қандай үлгісін сатып алатыныңызды білсеңіз, сайттың сол жақ жоғарғы бұрышына іздеу терезесіне атауын енгізіңіз. Егер нақты үлгіні әлі таңдамасаңыз, біздің каталогты, тауарларды салыстыру және параметрлері бойынша іріктеу қызметін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, Сізге тауар таңдауда интернет-дүкеніміздің консультанттары көмектесе алады. 1717 телефоны арқылы хабарласып, өз сұрақтарыңызды қойыңыз.

Үшінші қадам. Тапсырысты ресімдеу

Өзіңізге ұнаған тауарды таңдап, ""САТЫП АЛУ"" батырмасын бассаңыз, тауар автоматты түрде қоржыныңызға жіберіледі. Мұндай батырмасы жоқ тауарларды интернет-дүкеннен сатып ала алмайтыныңызды ескеріңіз, олар тек бөлшек сауда дүкендерінде бар деген сөз. Әрі қарай интернет-дүкеннен тауар таңдауды жалғастыра отырып, қоржыныңызға тауар санын қалағаныңызша қоса аласыз. Егер тауар таңдап болсаңыз, тапсырысты ресімдеуге көшіңіз.

Төртінші қадам. Тауарға төлем жасау

«Технодом» интернет-дүкенінде жасаған саудаңыз үшін қолма-қол ақшалай немесе ақшасыз есеп айырысу, соның ішінде пластик карталар арқылы: онлайн (сайтта) немесе тауарды алған кезде төлем жасауға болады.

Бесінші қадам. Тауарды жеткізу және алу

·        Жалпы құны 20 000 теңгеден асатын тауарлар тегін жеткізіледі.

·        20 000 тг кем сомаға тапсырыс жасағанда, қала ішінде жеткізу құны 1000 теңге.

·        Қажетіне қарай тапсырыңызды өзіңіз алып кете аласыз.

·        Клиент тауарды алған кезде жеке тұлғасын куәландыратын құжатын көрсетуі тиіс.

·        Жеткізу қызметі аптасына 7 күн жұмыс істейді.

·        Қалай сатып алуға болады?

·        Сайттан немесе қосымшадан өзіңізге ұнайтын өнімді таңдаңыз, оны себетке қосыңыз. «Тапсырыс беру» тармағын таңдап, жеткізу деректерін енгізіңіз. Сіз алған кезде төлемді таңдай аласыз немесе сатып алу үшін бірден онлайн төлей аласыз.

·        Сайтта картамен төлеу қауіпсіз бе?

·        Төлемдер банк жағында өтеді. Біз төлемді растау сұрауы арқылы төлем қауіпсіздігін арттыратын 3-D Secure технологиясын қолданамыз.

·        Тапсырысты қалай алуға болады?

·        Сіз дүкеннен немесе тапсырыс беру пунктінен жеткізуді немесе өздігінен тасымалдауды таңдай аласыз. Тапсырыс резервте 2 күн сақталады, содан кейін ол автоматты түрде жойылады.

·        Алдын ала қалай тапсырыс беруге болады?

·        Алдын ала тапсырыс беру үшін қажетті өнім үлгісін таңдап, көрсетілген толық алдын ала төлемді енгізіңіз. Тауарды жөнелту үшін қол жетімді болғаннан кейін сізбен байланыс орталығының операторы хабарласады.